Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.
Когда открылся Акмолинский лагерь жен изменников родины, в его названии не было кавычек. Именно так слово «изменники» теперь написано на вывеске у Аллеи Жертв Репрессий в поселке Акмол близ Астаны.
Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға алынған.
Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары — «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.
Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды.
Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі — интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.
«Нанын қоянмен бөлісті»
Тұтқын әйелдерді қамыс жинап, арық қазып, бақша отырғызуға мәжбүрледі. Кенттің кейін Малиновка аталуына да таңқурайдың көптігі себеп болды. Кезінде тұтқын әйелдер жан беріп, жан алып жүріп өсірген бұл бау-бақшаның қазір жұқанасы да қалмады.
Түрменің күзет мұнарасын бейнелейтін мұражай экспозициясы. Саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайы. Ақмол кенті, 12 сәуір 2010 жыл.
Осы лагерьдің бұрынғы тұтқыны Мінтай Дәукенова қытымыр қыс күшейіп, жейтін ештеңе қалмаған соң қоян 600 түп алма көшетінің қабығын кеміре бастағанын айтады. Амалы таусылған әйелдер көшетті құтқару үшін қолдарындағы азын-аулақ нандарын қоянмен «бөлісуге» мәжбүр болыпты.
Өйткені лагерь басшылығы «бір түп көшет солса, шеттеріңнен атамыз» деп қоқан-лоққы жасаған еді. Сондықтан тұтқын әйелдер әрбір көшеттің түбіне бір тілім нан тастапты. Нанды жеген қоян көшетке тиіспеді. Алма бақ көктемге аман-есен ілінді. Қазір бұл жерде «АЛЖИР» деп аталатын мемориалды мұражай кешені тұр.
«Құрт – қымбат тас»
«Отанын сатқандар» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің бұрынғы тұтқындарының бірі — Гертруд Платайс. Ол 1990 жылы Германиядан Қазақстанға келіп-кеткен сапарында «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды алғаш қалай көргенін, олардың тұтқын әйелдерге қалай қарағанын айтып беріпті.
Бірде тұтқын әйелдер Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап келе жатады. Жолда қарттар мен балалар кездесіпті. Балалар үлкендердің айтуымен әйелдерге қарай тас лақтыра бастайды. Қарауылдар «Сендерді Мәскеуде ғана емес, ауылда да жек көретінін байқадыңдар ма!» деп қарқылдап тұрып күледі.
Тұтқын әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма» деп налиды. Бір әйел әлгі тастардың біріне сүрініп құлайды. Құлаған кезде дәл алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің исін сезіп қалады. Шетінен бір тістеп көрсе, дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп тастардың барлығын теріп алып, баракқа алып келеді. Барактағы тұтқын қазақ әйелдер оның тас емес, кептірілген құрт екенін түсіндіріпті.
«АЛЖИР» тұтқыны Гертруда Платайстың фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында сақталған.
Гертруд Платайстың бұл әңгімесі «Құрт – қымбат тас» («Курт – драгоценный камень») деген өлеңге арқау болды. Өлеңнің авторы — Ақмола облысы Новоишимка селосында тұратын тарих пәнінің мұғалімі Раиса Голубева.
Экскурсия бөлімінің жетекшісі Раиса Жақсыбаева аштықтың не екенін 1930 жылдары қатты ашаршылық көрген жергілікті тұрғындардың тұтқын әйелдерге көп қарайласқанын айтады.
— Қойшылар бұта-бұтаның түбіне кейде нан, кейде ет тастап кетіп, әйелдерге белгі беретін. «АЛЖИР» тұтқындары жергілікті қазақтарға разы болды. Лагерьдің жақсысы жоқ, бірақ қазақстандық лагерьлерден тірі қалған адамдар көп болды, — дейді Раиса Жақсыбаева Азаттық радиосына берген сұқбатында.
Мұражайда қанша адамның тірі қалғаны жөнінде нақты мәлімет жоқ. Бірақ Раиса Жақсыбаеваның сөзіне қарағанда, тұтқын әйелдер негізінен лагерь енді құрылған кездері, 1938–1939 жылдары көбірек өлген.
— Алғашқы жылы әлсіз әйелдер жан тапсырды. Қамауда отырғандар негізінен интеллигенция ғой. Қолдарына қарындаш пен қағаздан басқа нәрсе ұстамаған бұл әйелдер жер қазып, қамыс жинап, трактор жүргізді, — дейді Раиса Жақсыбаева.
Гертруд Платайстың бұл әңгімесі «Құрт – қымбат тас» («Курт – драгоценный камень») деген өлеңге арқау болды. Өлеңнің авторы — Раиса Голубева.
Құрт – асыл тас
Қазақ атқан тасқа барып жығылдым
Тамағыма өксік келіп тығылды.
Құдайым-ау, тас па мынау немене?
Мұрыныма сүт иісі келе ме?
Үміт оты жарқ етті ғой,
Тас дегенім азық екен
Нәр боп сіңер денеме.
Қарттар неге өшікті деп ойлап едім, таңдана.
(Балаларды айтақтаған шал мен кемпір оңа ма?)
Сөйтсем... сөйтсем, айналайын кең елім,
Ақсақалдар – данышпаным, кемелім,
Сақтау үшін тұтқындардың қу жанын,
Тәуекелге тігіпті ғой өз ұрпағын – сенерін.
Қатыгездер кесіп берген әділетсіз үкімді,
Түсініпті, үлкені де, баласы да – бүкілі.
(Отан сатар шама қайда біздерде,
Сатқындарды мұннан емес, басқа жақтан іздеңдер).
Көк мұзды жастанып ап тере бердім,
Ақкөңілдің қамкөңілге бергендерін,
Жендеттерге сездірмедім бірақ та,
Кете бардым кешке қарай бараққа...
(Ол бір барақ зұлымдардың қорлығының ордасы,
Тас қараңғы, тастай суық, моладай).
«Қазақ деген әз халықты қолдашы,
Әлемдерді жаратушы бір Алла-ай», –
деп сол барақта мұсылманша сыйындым.
«Неміспін мен, христианмын», –
деп ойлаудан тыйылдым.
Өзім үшін ештеңе де сұрамадым,
Қарттар үшін денге саулық,
Аналарға мол-мол бақыт,
Балаларға шалқар шаттық –
осы болды сұрағаным.
Сенім кеткен мен бейбақтан,
Досым да жоқ өмірде.
(Азап біткен — менен қалған азаптар)
Көргендерім түйіліп тұр көңілде:
Тәрбиенің ең ұлысын балаға
Даналықпен бере алады қазақтар.
Плисецкая – АЛЖИР тұтқыны
Ақмола лагерінде әйгілі орыс балеринасы Майя Плисецкаяның анасы Рахиль Плисецкая да қамауда отырды. Ол сегіз жылға сотталған еді. Бастапқыда Бутырка түрмесіне қамалып, «халық жауының» әйелі ретінде үкім шығарылған соң сегіз айлық ұлы Азариймен бірге Ақмола лагеріне айдалған.
— Азарий қазір 73-ке толды, Швейцарияда тұрады. Онымен хат жазысып тұрдық.
Рахиль Плисецкаяның (сол жақта) қызы Мая (оң жақта), ұлы Азарий (ортада) және бауыры Александрмен (жоғарыда) бірге түскен фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында сақталған.
Өткен жылы өзі де келіп кетті, — дейді Раиса Жақсыбаева.
Рахиль Плисецкая «АЛЖИР» лагерінде ұзақ отырмады. Туған-туыстарының ізденістерінің арқасында оны Шымкенттегі еркін қонысқа ауыстырып жіберді.
Рахиль Плисецкаямен бірге болған тағы бір тұтқын Брайн Лурьенің ұлы Михаил Зельцер 2002 жылы Алматыда «Жеті жарғы» баспасынан шыққан «Қасіретті тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») деп аталатын кітапта лагерь өмірін біршама толығырақ баяндайды:
«Бұл лагерьге кім келмеді – әртіс те, ғалым да, инженер де, мұғалім де осында. Қалдық салынған бөшке артылған аттарды әуелгі кезде бастарына шляпа киіп жүрген әйелдер айдайтын. Кейін бұл шляпалар күнге оңып, түрменің қарабайыр киіміне айналып шыға келді».
Харьковтен келген бұрынғы «АЛЖИР» тұтқыны Мария Даниленко да «қамауда отырғандардың 90 пайызы жоғары білімді адамдар еді» деп жазады осы кітаптағы естелігінде.
«Біздің арамызда ленинградтық профессорлар мен Харьков опера театрының труппасы түгелге жуық болді. Инженер, техник, құрылысшы, дәрігер, геолог, мұғалім – бас-аяғы 100-ден астам мамандық иелері бар еді... Лагерьдің қиын өмірін бастан бірге өткіздік қой. Асхана ішін суретпен әшекейлеу үшін қыздар әйелдердің іш киімін қайнатып бояу алу тәсілін тапты. Ленинград көркемсурет академиясының кәсіби суретшілері әдемілеп сурет салып шықты.
— «АЛЖИР» мұражайында Мария Даниленконың оның қызғылт-сары жаздық көйлегі, шляпасы мен туфлиі сақтаулы тұр. Соған қарағанда ол лагерьге осы киіммен келген сияқты, — дейді мұражай қызметкерлері.
Ол өзін ағаш төсегі шала-шарпы жасалған вагонға бір топ әйелдермен бірге тиеп жібергенін айтады. Қыстыгүні тұтқындарды тасыған ондай сталиндік вагон-үйшіктердің үлгісі «АЛЖИР» мұражайының аумағында тұр.
Күйеуі – «тракторист»
«АЛЖИР» барақтарының бірі. Ақмол кенті, 14 сәуір 2011 жыл.
«Лагерьде өзінің не үшін отырғанын да білмейтін әйелдер бар еді, — деп жазады Михаил Зельцер «Қайғылы тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») деп аталатын кітабында. — Барактағы көрші әйелдердің бірі шешесіне өзінің еш жазықсыз қамалғанын айтып шағымданушы еді. «Тергеуші: „Сенің күйеуің тракторист“ деп айқайлады, ал ол ешқашан тракторист болған емес, бригадир еді», — дейтін. Байғұс әйел «троцкист» деген сөзді ешқашан естімеген ғой, «троцкист» дегенді «тракторист» деп түсініпті».
АЛЖИР-де тамаша мектеп болды дейді Михаил Зельцер. «Мұғалімдермен дәл осындай бейресми нағыз достық қарым-қатынасты басқа еш жерден ешуақытта көрген емен. Бірнеше жылдан кейін Ленинградқа оралғанымда кәдімгі мектепке көпке дейін үйрене алмай жүрдім» деп жазады.
Ол жерде Зинаида Гинзбург деген мұғалім неміс тілі мен әдебиетінен сабақ берген екен. «Бірде маған Зинаида Наумовна Белинскийдің пікірін айтып бер деді. Қандай мәселе бойынша екені есімде жоқ. Кітапхана поселкеде бір-ақ жерде – ВОХР-да (военизированная охрана — әскерилендірілген күзет) ғана бар. Содан мен кітапханаға жауапты адам — ВОХР-дың саяси жетекшісіне барып, Белинскийдің бар, жоғын сұрадым. Саяси тәрбиеші „Дивизион құрамында ондай адам жоқ“ деп паңдана жауап берді», — деп жазады Михаил Зельцер.
АЛЖИРдің қалдықтары
Ақмол кентінің тұрғындары 30–50-ші жылдарғы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткіш жанында. 14 сәуір 2011 жыл.
«Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің аумағында қазір 4–5 қабат үйлері, дүкені мен клубы бар Ақмол кенті орналасқан. Ауылды кезінде тұтқындар отырғызған қалың терек қоршап тұр.
Бұрынғы лагерьден қалғаны — саз балшықтан тұрғызылған барактардың үйінділері; қазір электростанцияа орналасқан монша, тұтқындарды тексеретін орын ғана. Бұл жерді кейбіреулер тұрғын үйге айналдырып алыпты.
Қуғын-сүргін құрбанының ұлы, жергілікті тұрғын Александр Тайғарынов лагердің аса үлкен болғанын айтады. «Бала кезімізде велосипедпен қайда барсақ та баллонын жарып келетінбіз, жағалай тікенек сым еді», — дейді ол Азаттық радиосына берген сұқбатында.
— Екі қатар жатқан ұзын-ұзын барактар шикі кірпіштен салынғандықтан құлап қалды, — дейді ол.
«Баракта бір мезгілде 360 адам жататын еді. Ауасы тар болатын. Ашыққан әйелдер қоқыс арасынан қырыққабаттың өзегін жинап, құтыға қайнатып ішкенде барак түгел сасып кететін. Бізді әкететін қарауыл ішке кіруден жиіркеніп, кезекші кемпірлердің бірін тұтқындарды санап шығуға жіберетін. Әйелдер: „Бізді алтын күзеткендей күзетіп, б...-қа балайды“ деп күлетін» деп жазады бұрынғы тұтқын Мария Даниленко.
Осы лагерде шешесі Брайн Лурьемен бірге тұрған Михаил Зельцер лагерьдің биік тікенек сыммен қоршалғанын, бұрыш-бұрыштарда арнайы баған үстінде қарауыл тұрғанын, одан әрі жыртылған жер мен арасына сым тартылған бағандар болатынын айтады.
«Ол сымға қарауыл иттерін ұзын қарғыбаумен байлап қоятын. Дәу иттерді түнде алып келеді, қарғыбауды үзіп кетуге шақ тұрған иттерді көргенде балалар түгілі үлкендердің өзінің зәре-құты қалмайтын. Бір сөзбен айтқанда, нағыз концентрациялық лагерь еді», — деп жазады Михаил Зельцер өз естелігінде.
Бұрынғы тұтқындардың кейбірі «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінен» сол күйі кетпей қалды. Кейін бұл жерге жер аударылғандар мен алғашқы тың игерушілер орналасты. Бірқатар тұтқындар осында қалып, жаңа өмір бастады.
Вначале здесь была так называемая «26-я точка». На ее базе в январе 1938 года появился Акмолинский лагерь жен «изменников» родины. Он относился к Акмолинскому спецотделению Карлага НКВД (Карагандинского лагеря НКВД). Узницы лагеря назвали его коротко: АЛЖИР. В этом лагере волей Сталина оказались около восьми тысяч женщин, вся вина которых состояла только в том, что они не предали своих мужей, первыми брошенных в жернова репрессий 1930-х годов. По всему Советскому Союзу были раскиданы сотни лагерей ГУЛАГа, АЛЖИР был одним из этих эпицентров ада на Земле.
Потом лагерь превратился в многопрофильное хозяйство с крупным сельскохозяйственным производством, мастерскими, швейной фабрикой. После его закрытия в 1953 году поселок стал называться Малиновкой, а теперь – Акмол по историческому названию местности.
Отстраивали и обустраивали это место сами узницы. Бараки, столовая, фермы для скота, водокачка, зернохранилище, мастерские – всё это было построено руками заключенных женщин. В основном это были представители интеллигенции, не привыкшие к тяжелой работе.
«Как узницы АЛЖИРа спасли сад и себя»
Их заставляли собирать камыш, рыть арыки и высаживать сады. Много было посажено малины, так и появилось прежнее название поселка.
Музейная экспозиция тюремной вышки на территории Музейно-мемориального комплекса жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР» (Акмолинский лагерь жен «изменников» родины). Поселок Акмол, 12 апреля 2011 года.
Малиновка. От этих садов и огородов ничего не осталось. А когда-то женщины берегли их ценой собственной жизни.
Бывшая узница лагеря Минтай Даукенова рассказывала нынешним местным жителям, что, когда они посадили 600 яблоневых саженцев, зайцы начали грызть их кору, поскольку зима выдалась суровой и есть им было нечего. Руководство лагеря тогда распорядилось, что если пропадет хоть один саженец, то начнут расстреливать заключенных. Женщины решили делиться хлебом с зайцами. Возле каждого саженца они оставляли кусочки хлеба. Зайцы поднимали эти крошки, не трогая кору высаженных деревьев. К весне яблоневый сад был сохранен. На его месте стоит теперь музейно-мемориальный комплекс «АЛЖИР».
«Курт – драгоценный камень»
Когда в 1990 году бывшая заключенная Акмолинского лагеря жен «изменников» родины Гертруда Платайс приехала в Казахстан, она рассказала сотрудникам музея «АЛЖИР», как впервые увидела местных казахов и как они отнеслись к заключенным женщинам.
Одним зимним утром женщины-узницы несли с озера Жаланаш охапки камышей. Через некоторое время на берегу озера появились старики и дети, которые по команде старших начали бросать в этих женщин камни. Конвоиры начали громко смеяться: мол, видите, вас не только в Москве, вас и здесь, в ауле, не любят.
Фотокопия снимка Гертруды Платайс, узницы АЛЖИРа (Акмолинского лагеря жен «изменников» родины). Фотография размещена в музее памяти жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР».
Оскорбленные женщины думали, ну что же вы, старики, чему своих детей учите?! Но вот одна женщина споткнулась об эти камни, а когда упала рядом с ними, то почувствовала запах молока и сыра. Она взяла кусочек и положила в рот – он показался ей очень вкусным. Она собрала эти камушки и принесла в барак. Там были и заключенные женщины-казашки. Они сказали, что это курт – высушенный на солнце соленый творог.
Воспоминания Гертруды Платайс легли в основу стихотворения «Курт – драгоценный камень». Его автор – преподаватель истории Раиса Голубева. Она живет в селе Новоишимка Акмолинской области.
Теперь эту историю Гертруды Платайс пересказывают посетителям Музейно-мемориального комплекса жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР». Раиса Жаксыбаева, руководитель экскурсионного отдела, говорит, что местные жители охотно помогали заключенным женщинам, поскольку сами в 1930-х годах узнали Голод и
«Пастухи под кустиками клали то хлеб, то мясо и делали знаки женщинам, что там и там-то что-то лежит. Узницы АЛЖИРа были очень благодарны местным казахам. Все лагеря плохие, но именно в казахстанских выживали многие», – говорит Раиса Жаксыбаева в интервью нашему радио Азаттык.
О том, сколько выжило, точных данных в музее нет. Но, по словам Раисы Жаксыбаевой, заключенные женщины умирали только в начале существования лагеря в 1938–1939 годах. «В первые годы слабенькие умирали. В основном же интеллигенция сидела. Кроме карандаша и ручки, не держали в руках, а здесь должны были копать, камыш собирать и на тракторе работать», – говорит Раиса Жаксыбаева.
Воспоминания Гертруды Платайс легли в основу стихотворения «Курт – драгоценный камень». Его автор – преподаватель истории Раиса Голубева.
Курт – драгоценный камень
О, Господи, да это ведь не камень.
От него так пахнет молоком.
И в душе затрепетал надежды пламень,
А в горле встал ком.
Так вот что придумали старики!
Вот за что женщины детьми рисковали!
Они нас от болезни берегли,
Они нас от безверия спасали.
Они поняли, что мы не враги,
А просто несчастные женщины.
И чем смогли – помогли,
Поразив нас своей человечностью.
Я молча поползла по льду,
Собирая драгоценные камни.
Теперь я отвратила от них беду,
Спасая их от охраны.
А ночью в холоднейшем бараке,
На оскверненной палачами земле,
Я, немка, молилась мусульманскому богу,
Да ничего не просила себе.
Я просила старикам здоровья,
Женщинам-матерям – счастья.
Особенно я молилась за детей,
Чтобы они не видели несчастья.
Я прошла все круги ада,
Потеряла веру и друзей,
Но одно я знаю,
Что только так и надо воспитывать детей.
Плисецкая – узница АЛЖИРа
В Акмолинском лагере сидела Рахиль Плисецкая, мама известной русской балерины Майи Плисецкой. Ее осудили на восемь лет. Первоначально Рахиль Плисецкая была заключена в Бутырскую тюрьму, а после приговора как жена «врага народа» этапирована в Акмолинский лагерь жён «изменников» родины, куда она приехала с сыном Азарием.
– Ему было тогда восемь месяцев. Сейчас ему 73 года, и живет он в Швейцарии. Мы с ним переписывались, общались. Он говорил, что хотел бы приехать сюда. В прошлом году он приезжал к нам, – говорит Раиса Жаксыбаева нашему радио Азаттык.
Фотокопия снимка Рахиль Плисецкой (слева) с дочерью Майей (справа), сыном Азарием (в центре) и братом Александром (сверху). Фотография размещена в музее памяти жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР».
В АЛЖИРе Рахиль Плисецкая сидела недолго. В результате прошений и хлопот родных через некоторое время ее перевели на вольное поселение в Шымкент.
Михаил Зельцер, сын другой заключенной, Брайны Лурье, мать которого находилась в лагере вместе с Рахиль Плисецкой, наиболее полно описывает контингент заключенных в своем рассказе в изданной в 2002 году алматинским издательством «Жети жаргы» книге «Страницы трагических судеб»:
«Кого только не собрал лагерь – здесь находились и артистки, и ученые, и инженеры, и преподаватели. Лошадьми с ассенизационными бочками поначалу управляли дамы в шляпах. Шляпы потом поистрепались, и все приобрели лагерный вид».
Бывшая узница АЛЖИРа Мария Даниленко из Харькова в своих воспоминаниях в той же книге «Страницы трагических судеб» пишет, что у 90 процентов заключенных было высшее образование.
«Среди нас были ленинградская профессура, почти вся труппа Харьковского оперного театра, инженеры, техники, строители, врачи, геологи, учителя – профессий 100, наверное. А еще художники... С ними припоминается забавно-грустный эпизод из лагерной жизни. Девочки для того, чтобы разрисовать столовую, нашли способ выварки краски из дамских трусиков. Получилось здорово, потому как рисовали профессионалы из Ленинградской художественной академии».
В музее АЛЖИРа хранится ее летнее платье оранжевого цвета, шляпа и туфли. Судя по всему, Мария Даниленко в этом наряде приехала в лагерь, говорят сотрудники музея. В своих воспоминаниях она рассказывала, что в июле ее вместе с другими женщинами загрузили в телячьи вагоны с наспех сооруженными нарами.
Образец сталинского вагона-теплушки, в которых обычно зимой перевозили заключенных, стоит на территории музея «АЛЖИР».
Муж-тракторист
Заброшенный разваливающийся барак Акмолинского лагеря жен «изменников» родины (АЛЖИР). Поселок Акмол, 14 апреля 2011 года.
«Были в лагере и женщины, что называется „от сохи“, – пишет Михаил Зельцер в книге «Страницы трагических судеб». – Одна из соседок по бараку как-то пожаловалась маме, что посадили ее ни за что. «Следователь кричал: „Муж у тебя тракторист“, а трактористом-то он никогда не был, он бригадиром был», – рассказывала она. Бедолага, никогда не слышала слово „троцкист“, воспринимала его как более знакомое слово – „тракторист“».
В АЛЖИРе, по его словам, была чудесная школа. «Таких добрых, – пишет Михаил Зельцер, – неформальных, по-настоящему дружеских отношений с учителями я нигде ни тогда, ни сейчас не видел. Возвратившись через несколько лет в Ленинград, я долгое время не мог привыкнуть к обычной школе».
Учителем там работала Зинаида Гинзбург. Она преподавала литературу и немецкий язык. «Как-то Зинаида Наумовна поручила мне выяснить мнение Белинского, не помню уж, по какому поводу. Библиотека в поселке была только одна – в ВОХРе (военизированная охрана). Я отправился к политруку ВОХРа, в ведении которого находилась библиотека, и спросил, нет ли у них Белинского. „В составе дивизиона такого не числится“, – отрубил политический воспитатель военизированной охраны и с достоинством удалился», – пишет Михаил Зельцер.
Остатки лагеря АЛЖИР
На территории бывшего Акмолинского лагеря жен «изменников» родины стоит большой поселок Акмол с четырех-пятиэтажными панельными домами, универмагом, клубом. Поселок окружают большие тополя, посаженные заключенными.
От лагерной инфраструктуры мало что сохранилось: заброшенный, разваливающийся барак саманного типа; баня, в которой находится сейчас электростанция, а также здание проходной – где проверяли заключенных. Его потом достроили, и теперь это частный дом.
Александр Тайгаринов говорит, что бараки были длинные, стояли в два ряда. Они были построены из самана, поэтому все развалились.
«В спальном бараке, где одновременно прозябало 360 человек, воздух был спертый. Женщины, чтобы выжить, собирали по помойкам кочерыжки и варили себе похлебку в котелочках в топках, вонь стояла на весь барак. Конвоир, приводивший нас к месту, гнушался заходить внутрь из-за запаха, обычно он просил кого-нибудь из дежурных старушек пересчитать заключенных. Наши дамы шутили: „Стерегут нас как золото, а ценят как г...“» – пишет в своих воспоминаниях бывшая узница Мария Даниленко.
Михаил Зельцер, сын узницы Брайны Лурье, который жил с мамой в этом лагере, рассказывал, что зона была окружена высокой колючей оградой, по углам – вышки с часовыми, за ней – перепаханная земля и небольшие столбы, между которыми натягивали проволоку.
«На ней закрепляли длинные поводки сторожевых собак. Здоровенных псов приводили сюда на ночь, и, когда их вели, мы, мальчишки и девчонки, да и взрослые тоже, разбегались в стороны, побаиваясь зверюг, которых едва удерживали проводники. Одним словом, настоящий концентрационный лагерь», – пишет Михаил Зельцер в своих воспоминаниях.
В бараках после закрытия Акмолинского лагеря жен «изменников» родины продолжали жить его бывшие узники, а потом здесь разместились спецпереселенцы и первоцелинники. Некоторые заключенные остались и создали здесь новую жизнь.