Шаруашылық қожалықтарымен серіктестікте

vermers

Мал – адамның бауыр еті

— Біздің кәсіпорынның құрылу кезінен бастап, біз өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мәселесіне барынша көп назар аударамыз.
Біздің «Өз фермамыздың сүтінен» деген ұранымыз шындыққа негізделген. Бұл маркетингтік тәсіл емес, бұл – шыңдық. Біріншіден, Шет ауданыныда біздің 200 бас қара малдан тұратын жеке екі фермамыз бар. Екіншіден, бізге сүт тапсыратын фермалардың барлығын біз серіктес деп есептейміз. Біз сиырларды қоректендіру бойынша кеңес беруден бастап, машинамен сиыр сауу жұмысын ұйымдастыру, өз көлігімізбен сүтті күнделікті алып кету, өз жабдықтарымызбен салқындатуға дейін өнім шығарудың барлық кезеңдеріне қатысамыз.
Қарағанды облысы үшін сүт өте қажетті тауар екені құпия емес. Өңдеушілерге ол жетпей жатады, сондықтан фермерлерге шағын ферманы дамытуға көмектесу арқылы, біз болашағымыз туралы да қамданып отырмыз. Көмек түрлері әр алуан: сиыр сатып алуды, сиыр қора салуды, сауын аппараттарын сатып алуды қаржыландыру. Сондай-ақ, біз фермерлерге сауын малдарды ұстау, бағу, шөптеу, сауу және сүт тапсыру әдістемесін жеткізіп отырамыз. Осы жобаларға біз коммерциялық қызығушылық тұрғысынан қарамаймыз, тек өзіміздің шикізат қорымызды дамытуды ғана көздейміз.
Кейбір шаруашылықтарда 10 – 12 сиыр болады да, оны сауатын адам жетіспейтіндігі үлкен мәселе болды. Бір адам таңғы сағат 4 – 5 тұрып, 5 – 6 сиырды ғана сауып үлгеретін.
Біз «егер сиыр сауды механизацияландырса, сауынды 30 пайызға дейін көбейтуге болады», — деп есептедік. Сондықтан өз күшімізбен облыстың ауылдық жерлеріне – негізінен өзіміз жұмыс істейтін Шет және Абай аудандарына — сауын аппараттарын әкелуді ұйымдастырдық. Бұл үшін Түркия өндірісінің аппараттарын таңдадық. Ресейліктерді де, қытайлықтарды да сынақтан өткізіп көріп едік, бірақ олардың сапасы бізге ұнамады. Олардың дауысы өте қатты болғандықтан, сиырлар үркіп, сүттің сауыны азайды. қашып кететін болды. Оның үстіне, сиырды қаны шыққанша сауады. Ал түріктердің аппараттарында мұндай кемшіліктері жоқ, олар уақытында тоқтайды.
Аппараттар 220 вольттық желіден тоқ ала береді, қолданыста ыңғайлы, мал екі күнде сауудың мұндай тәсіліне үйреніп кете алады.
Сауын аппараттарын біз фермалар үшін өзімізге коммерциялық пайдасыз, жартыжылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігімен ұсындық. Бұл бағдарлама 2010-жылы басталған болатын, бүгінгі күнде біз шамамен 300 шаруашылықты осы аппараттармен қамтамасыз етеміз. Осы жылы біз түрік зауытымен тағы 160 аппаратты сатып алуға келісімшартқа отырдық.
Оған қоса, 2012 жылдан бастап сүт сатып алынатын барлық ауылдарға тоңазытқыш құрылғылар орната бастадық, ол да түріктердің өндірісінен шыққан. Оның мәні — сүт сауылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда салқындатылса, өзінің сапасын сақталып қалады. Осының арқасында біз шикізат сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеміз.
Бұл стратегия алдағы жылдарға таңдалған, осылай бізге сүт тапсыратын үй шаруашылықтарына қолдау көрсетіп, фермерлермен осы жұмысты одан ары жалғастырамыз.
Тағы бір айта кетері, 2013-жылдың күзінде Шет ауданының Бұрма ауылында біздің бастамамызбен сүт кластері құрыла бастады. Біз «Сиырды несиеге, сүтті нәтижеге» деген жобаны дайындап, мен оны Қазақстанның ауыл шаруашылық министріне ұсындым. Бұл жоба жергілікті биліктің де, «КазАгро» холдингінің даму институттарының да қолдауын тапты. Қазір оны іске қосуға дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның мәні – шаруа өз тапсырысы бойынша етті-сүтті симменталь тұқымды сиырлар түрінде несие алады. Бұл сиырлар жылына 5000 литрге дейін сүт бере алады, бұл жергілікті сиырлардан алынатын сүттен үш есе артық. Жобаның қарапайым шаруа адамына тиімділігі «сиырға алған несиенің қарызын қалай өтеймін», — деп, басы ауырмайды, себебі ол несиесін белгіленген бағамен бізге сүт тапсыру арқылы төлейді, яғни шаруа өз малын жемдеп, сауып отырса болғаны.

Ерлан Әшім, «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры


Тағы компания жайында

Оқуды ұсынамыз
http://natige.kz/v-partnerstve-s-fermerami