Ұйытқы хикаясы

кефирные грибки
Сүт хикаялары
778
0

Ұйытқының Ресейге әкеліну тарихы – қызықты хиқая.

Атақты ғалым И.Мечников барлық ғұмырын сүт тағамдары мен сусындарының адам ағзасына әсерін зерттеуге арнап, сусындардың пайдасын түсіндіре отырып, қымыз, шұбат, йогурт ішуді насихаттаған. Оған қызыққан ресейлік өнеркәсіпшілер ұйытқыны қолға түсіру үшін Солтүстік Кавказдағы ноғайлар мен қарашайларға қайта-қайта шабармандар жіберіп отырған. Алайда бұл ұйытқының құпиясы берік сақталғандықтан, оны қолға түсіру талпыныстары сәтсіз аяқталып отырыпты.

Бекмырза-Байшоров1909 жылы кезекті «тыңшы» ретінде Мәскеу сүт институтының жас түлегі Ирина Сахарова көшпелі аймаққа сапар тартады. Оны әр ауылда дәстүрлі қонақжайлылықпен қарсы алып, оған сыйлы қонаққа ұсынатын барлық сүт сусындарын, ет тағамдарын тарту етеді. Дегенмен ұйытқының сырын ешкім ашып бермейді. Сапарының сәтсіздігіне жабырқап, Мәскеуге қайтпақ болып, Ирина жақын жердегі қалаға аттанады, бірақ жолда оны шабандоз жігіттер алып қашады. Кейін ол жігіттер қызға ғашық болып, оны өзіне осылай жар етпек болған жергілікті төре Бекмырза Байшоровтың атқа мінерлері екені анықталады. Бірақ дегені іске аспай – бұл оқиғаға жандармдар араласып, төрені абақтымен қорқытады. Қызу қанды төреге бұл өкім, әрине, жақпай қалады да, қыз: «Ұйытқыны берсеңіздер, шағымымды қайтарып аламын», — деп шарт қойып, мәселені өзі шешеді. Қойылған шарт орындалып, екі күннен кейін қуанышы қойнына сыймаған Ирина сегіз килограммт ұйытқымен (бір қарын) Мәскеу сүт зауытында болады. Осыдан бірнеше күн өтісімен-ақ сүт зауыты жаңа сүт тағамын шығара бастайды. Атын ойлап әуреленбей-ақ, ноғайдың «көпір» деген сөзін «кефир» деп ала салған. Осы атауға қазір барлық әлемге әйгілі сүт тағамына патент алынады.

история кефира

4 марта 2014
Оқуды ұсынамыз
Присоединяйтесь
к обсуждению!

Написать комментарий