Рокфор ірімшігінің пайда болу хикаясы

сыр-рокфор
Сүт хикаялары
1,068
0

Француздың атақты Рокфор атты көгілдір ірімшігінің пайда болуына оңтүстік Франциядағы Рокфор аулының маңында орналасқан Камбалу тауының етегінде қой баққан бала себепкер болған.

Таңғы асына нан мен ешкі сүтінен жасалған ірімшікті жеп отырған бала көрші ауылдың ешкілерін бағып жүрген сұлу қыздың өтіп бара жатқанын көріп, асын тастай салып, сол қыздың соңынан еріп кете береді. Бірнеше күн өткеннен кейін, қойшы әлгі жерге қайтып оралып, тастардың арасынан көгере бастаған ірімшігін тауып алады.Оның дәмін татып көргенде, дәмділігіне таң-тамаша болады. Сөйтсе, нан ашытқысы ешкі ірімшігімен араласып, керемет нәтиже берген екен.

Бала сол ірімшігін үйіне алып келіп, анасына дәмін татқызады. Бұл ірімшік анасына да қатты ұнайды. Сөйтіп, сүт тағамының жаңа түрі- Рокфор ірімшігі пайда болды.

родина-сыра-рокфор

4 марта 2014
Оқуды ұсынамыз
Присоединяйтесь
к обсуждению!

Написать комментарий