Қымыз Германияда қалай пайда болды?

кымыз в германии
Сүт хикаялары
1,274
0

Рудольф-ШторхXX ғасырдың 40-жылдарының соңында әскери тұтқын Рудольф Шторх Карлагта отырып, туберкулездың ауыр түрімен науқастанады. Дәрігерлер оны басқа адамдарға жұқтырмас үшін бейшараны бәрі-бір тірі қалмайды деп лагерьден шығарып жібереді. Өлерге шамалы қалған неміс солдатын шопан ақсақал тауып алып, өз үйіне алып келеді. Бәйбішесіне мән жайды түсіндіріп, екеуі науқасты емдеуге кіріседі. Жаңа сойылған қойдың жас терісіне орап, үш күндік немесе саумал қымыз ішкізу сияқты халық емдеу әдістерін қолданып, жарты жылда өлім аузында жатқан жас жігітті аяғынан тұрғызады.

Сөз арасында айта кеткіміз келетіні, осыдан бірнеше жыл бұрын сол үйдің баласы майданда қайтыс болған еді...

Лагерьге оңалып қайтып келген солдатты көргенде, лагерь әкімшілігі мен дәрігерлері таң қалады.

лошади-Рудольфа-ШторхаТұтқыннан босағаннан кейін Рудольф Шторх ГФР-де тұрақтанады да, өз ісін ашу үшін он бие сатып алып, қымыз өндіре бастайды. Ісі оңға басып, бүгінгі күні бұл төрт жүз сауын биесі бар үлкен фермаға айналған. Осы бизнесті қазіргі кезде Шторхтың қызы — Джетт пен күйеу баласы Ханс Цольмандар жалғастыруда.

Оларда бие сүтінен қымыз жасаудан басқа крем, сусабын, сабын өнімдері шығарылуда. Германия, Франция, Бельгияда қымыздың құрғақ, суда еритін түйнек түрі кең тараған.

4 марта 2014
Оқуды ұсынамыз
Присоединяйтесь
к обсуждению!

Написать комментарий

make up wisuda make up jogja make up prewedding jogja rias pengantin yogyakarta rias pengantin jogja prewedding jogja prewedding yogyakarta berita indonesia yogyakarta wooden craft daily review service dinamo jogja service genset jogja