Қымыз

kumis-0_mh600_s
Сүт хикаялары
1,444
0

kimiz_v_chasheҚымыз — қазақтың ежелгі және басты сусыны. Қымыз туралы алғашқыжазбаша ақпаратты б.д.д. ӀV ғасырда «тарих атасы» Геродот қалдырып кеткен екен.  Қазіргі таңда қымыздың технологиясын өзгертпей сақтап келе жатқан — қазақ, қырғыз, башқұрт, ноғай халықтары.

Бүгінде Европаның елдері қымыздың пайдасын түсініп, технологиясын үйреніп жатса, өкінішке орай, біздің сусын дайындаудағы дәстүріміз өзгеріп – түркілер ұрпақтары кола мен сыраға қарай ауып жатыр. Қазақстанда соңғы 20 жылда қымыздың ішілуі 20-25 есе азайып кетті деген болжам бар.

Қымыз — өте дәмді, аса пайдалы, әу бастан өте таза сусын. Ол құрамы жағынан сәбиге қорек болатын ана сүтіне ең ұқсас бие сүтінен жасалады.

burduk_sabaҚымыздың ыдысы (саба) бұрынғы заманда құлынның терісінен, ал кейінгі кезде ағаштан жасалған. Бұл ыдыс күнара тобылғының түтініне ысталып отырған. Ыстаудың екі мәні бар: біріншісі- микробтарды өлтіру, екіншісі -  қымыздың дәмін келтіру. Қымызды бабына келтіру үшін, оны кем дегенде бір сағат сабаның ішінде піспекпен піскен. Тіпті дәстүр бойынша оны құйып, ішіп отырған кездің өзінде, міндетті түрде  тоқтамай сапырып отырады. Оның да мәні үлкен — сапырылған кезде қымыз оттегімен байытылып (аэрация), соның арқасында қымыздың өкпеге деген пайдалы әсері күшейтіледі.

4 марта 2014
Оқуды ұсынамыз
Присоединяйтесь
к обсуждению!

Написать комментарий

make up wisuda make up jogja make up prewedding jogja rias pengantin yogyakarta rias pengantin jogja prewedding jogja prewedding yogyakarta berita indonesia yogyakarta wooden craft daily review service dinamo jogja service genset jogja