Табиғилық стратегиясы

history_glavnaya2

«Нәтиже» атауы, компаниямызды үлкен жетістіктерге жеткізді

— Біздің кәсіпорынның тарихы 1999-жылдың наурыз айында басталды. Ол кезде біз негізінен бөлшек саудамен айналысатын шағын фирма болатынбыз. Сондай-ақ, бізде наубайхана мен кондитерлік цех болатын. Бірақ біз айналысуға болатын басқа да салаларды іздедік, себебі өмір бойы шағын дүкенші, ұсақ наубайшы болып қалғымыз келмеді.
Бір сәтте сүт тағамдарын тарату идеясы пайда болды. Ол кезде нарықтағы жағдай жақсы болатын. Біздің жергілікті Қарағанды сүт зауыты терең нокдаунда жатқан шағы еді. Біз осы салада өз орнымызды таба алатындығымызды сездік. Сол кезде мен стратегиялық шешім қабылдап, түгел бұрынғы бизнесті сатып, түскен ақшаға бірнеше жеке автокөлік пен тоңазытқыш қондырғысын сатып алдым. Біз Қостанайдағы сүт өңдеу кәсіпорнымен келісімшартқа отырып, ол жақтан Қарағандыға өнім таси бастадық.
1999-жылдың наурыз айынан бастап желтоқсаға дейін біз қомақты жетістікке қол жеткіздік. Егер алғашқы уақытта аптасына өнімді екі тоннадан сатсақ, жылдың соңында сатылым көлемі аптасына 15 – 20 тоннаға дейін өсті.
Біраз уақыттан кейін біз жақын жердегі сүтпен қамтамасыз етуші кәсіпорын «Балқашсүт» ААҚ-мен жұмыс жасай бастадық. Бірлескен жұмыс сүт өндіруші компанияға да, бізге де аяғымызға нық тұруға мүмкіндік берді.
Шамамен бір жылдан кейін біз «Қарағандыда сүт өнімдерін шығаратын жеке цехымызді салуымыз керек», — деген шешімге келдік. Осы жобаны «Балқашсүт» ААҚ-ның басшылығына бірге іске асыруды ұсынып, келісімін алдық. Тиімді бағамен қаланың шетінде қараусыз қалған ғимараттар сатылып алынды, олардың тек қабырғасынан басқа түгі де болмайтын. Оларды қалпына келтіру үшін өз күшімізбен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік, қондырғыларды орнаттық. 2003 жылдың қаңтарында цехты іске қосып, сүт өндірісі мен сұйық ашытылған сүт сусындарын шығара бастадық.
Ол кезге қарай жұмыс істеуге жанып тұрған, жігері бар, кез келген мәселелерді шешуге қабілетті, өткір жігіттер тобы жинақталды. Бұл бізге жылдам қарқынмен дамуға мүмкіндік берді. Аз уақыт ішінде біз жеке тәуелсіз кәсіпорын болып, өзіміздің «Нәтиже» деген брендімізді шығардық. Бұл атау төрт жылдың ғана ішінде компанияны үлкен табысқа жеткізгенің білдіреді.
Дегенмен біз осы жеңістерімізбен тоқтап қалған жоқпыз. 2005 жылы біздің цехымыз өте кішкентай деген қорытындыға келдік. Өйткені оны салған кезде, оның қуатын тәулігіне 10 – 12 тоннаға лайықтап тұрғызған болатынбыз. Әрине, бастапқы кезде бұл көрсеткіш бізге әжептеуір салмақты көрінетін. Бірақ 2005 жылы біз тәулігіне 15 тонна өнім шығаратын болдық. Қосымша ыдыстар қойып, адамдарды түнгі ауысымға шығаруға тура келді. Ақырында, осы жағдайдан шығаратын бір-ақ жолды таңдадық, ол – жаңа мүмүкіндіктері бар зауыт салу.
Содан кейін көп ұзамай, Дания мен Голландияға шетелдік іссапарға барып қайттым. Сол жерлерде алғаш рет заманауи сүт зауыттарын көрдім. Олармен танысып, мен таң қалдым. Заманауи еуропалық жабдықтар өзінің жетік технологиясының арқасында жоғары сапалы өнім шығарады екен. Не ресейлік, не белорусстік, не қытайлық жабдықтар олармен салыстыруға да келмейтінін байқадым.
Шынымды айтсам, Қарағандыда жаңа сүт өңдейтін кәсіпорын салу арманы күні-түні менің ойымнан шықпады. Жобаға бірнеше жылғы дайындықпен келдік: оның есебі жасалды, жоспары құрылды. Әрине, күмән мен қорқыныш та мазалаған кездер болды, себебі жабдық өте қымбат тұратын.
Алайда, «көз — қорқақ, қол – батыр» дегендей, іске қол сыбана кірістік. 2009 жылы «Нәтиже» сүт фабрикасын жетілдіру жобасы дайын болды. Өнімді кез келген қауіптен, оның ішінде адами факторлардан да қорғау үшін кәсіпорынның жоғары технологиялы, барынша автоматтандырылған болуын көздедік. Сол себепті сүт өндіруші жабдықтарды шығару саласындағы әлемдік деңгейдегі көшбасшы — «Tetra Pak» швед компаниясын таңдап алдық. Олардың зауыттарында болған кезде, мен олардыкіней жақсы жабдықтар табу мүмкін емес екенін түсіндім. Солай біз келісімшартқа отырдық.
2010 жылы цех болу үшін арнайы салынған ғимаратта шведтер шығарған жаңа жабдықтар орнатылды. Еуропалық мамандардың қатысуымен желіні іске қосу және қызметкерлерді оқыту жұмысы іске асырылды. 2010 жылдың аяғында жаңа өндіріс іске қосылып, алғашқы өнімін бере бастады.
Бұрынғы фабриканың қуаттылығы тәулігіне 12 тонна болса, жаңасында 120 тоннаға дейін жетті, яғни он есе ұлғайды.
Сол кезден «Нәтижеде» жаңа өмір басталды, бүгінгі күнде біз үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз. Шығарылатын өнімнің мөлшері сату үшін, біз сатылым географиясын кеңейте бастадық. Қазір Қарағанды қаласында бізде бір стильде безендірілген 12 фирмалық бөлім бар. «Нәтиженің» балғын өнімі күн сайын жеткізіліп, төмен бағамен сатылып тұрады. Біз Қарағанды облысын түгел — барлық серіктес-қалаларды, барлық аудан орталықтарын — сүтпен қамтамасыз етеміз. Оның үстіне, біз Екібастұз және Астана қалаларының нарығына шықтық. Бас қаламызда күніне 15 тонна сатып, ол жерде де өзімізді сенімді сезінеміз.
Қазіргі кезде де біз кәсіпорынның одан әрі дамуына, өнімнің сапасын жоғарылатуға, тауарлық тізімді кеңейтуге жоспарлар құруды жалғастырудамыз.

Ерлан Әшім, «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры


Тағы компания жайында

Оқуды ұсынамыз
http://natige.kz/strategiya-naturalnosti