Болашақты құруда

kollektiv_glavnaya

Қазіргі уақытта біз болашақтағы кадр мәселесін шешумен айналысып жатырмыз.

— Азық-түлік өнеркәсібінде табысты жұмыс істеу үшін кадр мәселесі өте маңызды болып табылады. Әсіресе, сөз сүт фабрикасы туралы қозғалып отырса. Бізде шикізат тез бүлінеді және мұнда адам факторы шешуші рөль атқарады.
Бүгінгі күні біздің зауытымыз жақсы мамандармен жасақталған. Бірнеше негізгі лауазымдарға Қазақстанның өзге аймақтарынан жоғары білікті мамандарды шақырып, тағайындауға тура келді. Оның ішінде Шығыс-Қазақстан облысынан кәсіпқой сүт маманы, үлкен тәжірибесі бар технолог, Қостанайдан жабдықтар бойынша жоғары білікті инженер, Шымкенттен микробиолог-биотехник бар.

Бұдан басқа, біз үнемі өз қызметкерлерімізді оқытып отырамыз. Біз Даниядан, Германиядан, Голландиядан, Санкт-Петербургтен шетелдік мамандарды да шақырдық. Олардың бізге берген кеңестері өте құнды болды. Біздің қызметкерлермен өткізген тренингтері кәсіби біліктілікті жоғарылатуда көп пайдасын тигізді.

Қазіргі уақытта біз болашақтағы кадр мәселесін шешумен айналысып жатырмыз. Егер біз өсетін болсақ, бізге маңызды білімі бар, өндірісті жаңаша қарастыратын, жас білгір мамандар керек болады. Сондықтан біз талаптарымызға толық жауап бере алатын жоғары оқу орнымен меморандумға отырдық. Бұл Кемеров тағам өнеркәсібі технологиялық институты (КемТӨТИ).
Ректормен және жетекші факультеттердің декандарымен кездескеннен кейін, біз сол ЖОО-да «Нәтиже» сүт фабрикасы үшін мамандар даярлау келісіміне келдік. Бұл — өте беделді ЖОО, онда технологтарға сүт шаруашылығының барлық қыр-сырын меңгертеді, сондай-ақ сүт өңдеу өнеркәсібі үшін инженерлік-техникалық қызметкерлерді дайындайды. Біз бұл қадамды кәсіпорнымыздың болашағы үшін маңызды деп санаймыз.

Қазір біз мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысымен айналысамыз, мектеп бітіретін сыныптардың оқушыларымен кездесеміз. Сенімді, мақсатқа жету мұраты бар жас адамдардан топ құрып, өз қаражатымызға оқуға жіберетін боламыз. Алдымыздағы екі жылда он адамнан жібереміз деген жоспарымыз бар. Олар толық бакалавриатты аяқтап, біздің кәсіпорынға жұмыс істеуге қайтып келеді.

Бұдан басқа, сол ЖОО-на өзімізде жұмыс істеп жүрген мамандарымызды біліктіліктерін жоғарылату курстарына жіберіп отырамыз. Мүмкін, болашақта бізге де тренингтер өткізу үшін КемТӨТИ оқытушылары келер.
Сонымен қоса, КемАТӨТИ-да оқып жүрген қазақстандықтармен де кездестік. Біразы оқуын аяқтағаннан кейін бізде тәжірибеден өтуге ықыластарын білдірді, мүмкін «Нәтижеде» жұмыс істегілері де келе жатар. Біз бұл тілектерге қолдау көрсетеміз.

Ерлан Әшім, «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры


Тағы компания жайында

Оқуды ұсынамыз
make up wisuda make up jogja make up prewedding jogja rias pengantin yogyakarta rias pengantin jogja prewedding jogja prewedding yogyakarta berita indonesia yogyakarta wooden craft daily review service dinamo jogja service genset jogja
http://natige.kz/sozdavaya-budushhee