«Нәтиже» стилінде өмір сүру

kaz
Новости и акции
389
0

   Табиғатта тірі ағзадағыдай бір-біріне тәуелді байланыс бар. Мұндай байланыс миллиондаған бөлшектен тұрады, әр адам сол тізбектің ажырамас бөлігі боп табылады. Тізбектің бір бөлшегін айырып тастап күллі жүйенің бірегейлігін құрту, әлбетте, оңай.  Мысалы, ағаштардың көзін жоя бастасақ, экологиялық қиындықтарға тап болатынымыз айдан анық. Ондай болмас үшін барлығы өзара үндестікте болып, адам табиғат заңдарына бағынуы керек.

   Қазіргі кезде халық өмір сүру үрдісін өзгертуге және уақыт ағымына әсер етуге ұмтылатын болды. Адамзат даму кезеңдерін жылдамдатуға және сақтау мерзімін ұзартуға тырысады. Мұның өнімге де, ақыры өзімізге де оң әсерін бермейтінін естен шығарып алатынымыз өкінішті. Себебі табиғатта әр нәрсе бір-бірімен байланысты және пайда табамыз деп табиғат заңдарына әсер ету арқылы өзімізге зиян тигізетінімізді байқамай қалуымыз мүмкін.

   Табиғатты алдау мүмкін емес, бар жақсысын алу үшін оның заңдарына да бағынуымыз керек. Яғни, сабырлық танытып, табиғи үрдістерді жеделдетпеген жөн.  Шынайы дәмі мен бағалы қасиеттерін жоя отырып, ұзақ мерзім сақтауға тырысқаннан гөрі, нағыз сапа және өнімнің  балғын болуынан бүгін рахат алу керекпіз. Табиғат заңдарымен бүгін үйлесімде болсақ,онда біз болашағымыздың негізін құрғандай боламыз. Біз уақыт ағымын өзгертпейміз, біз табиғаттан ең жақсысын ұсынамыз. Үйлесімді өмір сүр, «Нәтиже» стилінде өмір сүр!

5 февраля 2016
Оқуды ұсынамыз
Присоединяйтесь
к обсуждению!

Написать комментарий