«Нәтиже» компаниясының стратегиясы
Біздің миссиямыз: Орталық Қазақстан өлкесіндегі жұртты күн сайын сапалы,пайдалы,экологиялық таза сүт өнімімен қамтамасыз ету.
Біздің стратегиямыз: Орталық Қазақстанда қысқа мерзім сақталынатын сүт өнімдерін шығару жөнінде ең ірі компания болу.
Біздің құндылықтарымыз:
• тазалық
• сапа
• сенімділік
• тұрақтылық
• адамгершілік
Біздің тарихымыз
1999 жыл
Наурыз айында компанияның сүт өнімдерін қабылдау және тарату жұмыстары бойынша жаңа бағыттар құру туралы шешім қабылданды.
Сәуір айында команданың белсенді қалыптасуы мен сауда желісінің дамуы.
2000 жыл
Қарағанды қаласында цех ашу туралы шешім қабылданды.
2001 жыл
Маусым айында Пришахтинск жерінде «Балқашсүт» ААҚ – ның бөлімшесі ретінде сүт зауытының құрылысы басталды.
2003 жыл
«Нәтиже» брендінің пайда болуы мен қалыптасуы.
Қаңтар айында Қарағанды қаласында бірінші өнім топтамасының шығарылуы.
2008 жыл
«Нәтиже» ЖШС барлық «Балқашсүт» зауыттарын иелігіне алды.
2009 жыл
Қаңтар айында Астана қаласында өкілдіктің ашылуы.
Желтоқсан айында сүт өнімдерін тарату нарығындағы сәтті дебют – нарықтың толықтай дерлік өтелуі.
2010 жыл
Тамыз айында Шет ауданындағы «Қызылқой» атанған жеке фермамыздың құрылысы аяқталды. Бүгінгі таңда қызыл-далалы ұрғашы сиыр тұқымының саны 150 басқа жетті. Сонымен қоса, «Қызылқой» фермасында 75 бұзау туылғанын ерекше атап өту керек.
Сапалы шикізатты алу үшін фермада 7 қызметкер жұмыс атқарады. Соның ішінде ғылыми кеңесші – ауылшаруашылық ғылымының кандидаты да бар. Фермада электрлік сиыр сауу құрылғылары орнытылған, күзге жақын толықтай автоматттандырылған әбзелмен жабдықтау жоспарланып отыр. Біз өз жеке фермамыздың сүтінен өнім дайындайтынымызды мақтанышпен айта аламыз!

Здравствуйте,уважаемый покупатель!Наши эксперты проверили состояние нашей продукции в супермаркетах и установили,что холодильное оборудование на ночь закрывается ролл-ставнями и при этом электричество не отключают.Все условия хранения соблюдены.Мы были бы рады,если Вы напишите в каком магазине или супермаркете Вы заметили такое упущение т.к. все торговые точки объехать не реально.
С уважением "Нәтиже"