Табиғилық кепілі

7day_glavnaya

Біздің тұтынушылар, өніміміздің 7 күнен артық сақталмайтынын біледі.

Бастапқыда өз кәсіпорнымыздың даму стратегиясында біз тек қана табиғи шикізатты қолдану бағытын таңдаған едік, яғни ешқандай консервант пен тұрақтандырушы заттарды қолданбаймыз дегенбіз. Бұл ұстанымнан осы уақытқа дейін шыққан емеспіз.
Бұл сақтау мерзімі аз, табиғи таза өнім алуға мүмкіндік береді.
Химиялық қоспалар өнім өндірушелері үшін ыңғайлы болғанмен, тұтынушылар денсаулығы үшін өте «ыңғайсыз», себебі ол ағзаға ешқандай пайда әкелмейді. Осыған байланысты біз оларды қолданудан бас тартамыз.
Қалалықтар біздің өніміміз жеті күннен артық сақталмайтынын біледі. Оның себебі – қышқыл сүт өнімдеріндегі пайдалы бактериялардың он күнге дейін өмір сүретіндігі. Сегізінші күні олар өз күшін жоғалтып, оныншы күні өле бастайды. Сол себепті жеті күн — ең қолайлы сақтау мерзімі, өнім осы аралықта қолданылуы тиіс.
Атап өткім келетіні, сақтау мерзімінің соңғы күнінде де өнім өз сапасын жоғалтпай, ағзаға тигізер пайдасы көп.

Ерлан Әшім, «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры


Тағы компания жайында

Оқуды ұсынамыз
make up wisuda make up jogja make up prewedding jogja rias pengantin yogyakarta rias pengantin jogja prewedding jogja prewedding yogyakarta berita indonesia yogyakarta wooden craft daily review service dinamo jogja service genset jogja
http://natige.kz/garantiya-naturalnosti