Еуропалық ұстанымдар

2015-09-26-05-37-04

Безопасность и качество продукции – приоритет молочной фабрики «Нәтиже»

— Сүт өндірісіне арналған халықаралық көрмелерде еуропалық әріптестердің қолданыста болған ыдыстар мен сүт тасушы көліктерін ұсынатындары мені бұрын қатты таң қалдыратын. Мәселен, Германияға көрмеге келсең, ол жерде тамаша күйдегі жүздеген көліктердің сатылымда тұрғанын көресің. Сонымен бірге сүтті сақтауға, салқындатуға, өңдеуге арналған ыдыстар тұрады. Түріне қарасаң, өте жақсы күйде, бірақ сатылады.
Мен үшін, яғни ол кездегі сүт өндіруші жас кәсіпкер үшін, бұл бір жұмбақ болатын. Оның мәнін мен кейін түсіндім.
Сөйтсем, еуропалықтар тұтынушыларға арналған өз өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесін негізге алады екен. Сүт сақтайтын ыдыс, қандай болмасын сапалы металдан жасалса да, жылдам тозатын ерекшелігі бар екен. Оның себебі сүт құрамында қышқылдың болуында жатыр. Ал бұл – аяусыз орта. Мысалы, сиыр сауған кезде цинкпен қапталған шелекті қолдансаңыз, оның түбі шамамен үш аптада тесіліп қалады. Сондықтан біз өзіміз тамақ сақтауға арналған пластикті ғана қолданамыз да, фермерлерге де соны қолдану керек деп кеңес береміз.
Қауіп сүт қышқылының металды жеп қоятындығында, яғни кішкентай жарықтардың пайда болуына әкелетіндігінде. Сол жарықтарда зиянды бактериялар жиналады, ал оны тазалап кетіру өте қиын. Осы себептен еуропалықтар өз азаматтарының денсаулығын ойлап, сүт тасушы көліктері мен ыдыстарын жиі ауыстырып тұрады.
Біз, осының барлығын ескере отырып, Еуропада жоғары сапа стандарттары бойынша жасалған жаңа қондырғыларды сатып алып, кәсіпорында қайта құру жұмыстарын өткіздік.
Сондай-ақ, 2008 жылы автокөліктерді ауыстыру ісін бастадық. Егер бұған дейін аудандарда бұрынғы заманнан келе жатқан ескі сары сүт тасушы көліктер жүрсе, қазір бізде автопарктің 90 пайызын су жаңа көліктер құрайды.
Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы — «Нәтиже» сүт фабрикасының басты ұстанымы, бұл мәселеге біз ерекше назар аударамыз.

Ерлан Әшім, «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры


Тағы компания жайында

Оқуды ұсынамыз
http://natige.kz/evropejjskie-principy