Адами құндылықтар

Charity 9

Социальная деятельность должна быть существом человека.

— Бизнеспен 90-жылдардан айналысқаннан бастап, мен үнемі әлеуметтік істерге де назар аударып келемін. Менің ойымша, кез келген адам бұндай істерді өзінің адами қасиеті, қайырымдылық жасауға деген рухани қажеттілігі деп түсініп, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беруі тиіс.
Бұл – міндет емес, қайырымдылық – мақтау сүйгіштіктен туындамау керек.
Әлеуметтік қызмет, қайырымдылық дегеніміз – осы өмірде алғыс алу үшін немесе о дүниеге барғанда рақымшылық алу үшін жасалатын әрекет емес. Егер солай болған күнде, ол қайырымдылық емес, айырбас болып кетер еді. Меніңше, қайырымдылық «осы дүниеде жақсылық жасасам, о дүниеге барғанда қайтарылады», — деген ойдан туындамауы тиіс.
Әлеуметтік қызмет адамның дүниетанымында жатып, оның табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Егерде сен табыс тауып және басқа көп адамдармен салыстырғанда үлкен мүмкіншіліктерге ие болсан, онда осы өмірде көп жақсылық жасауын қажет.
Біз, «Нәтиже» компаниясы, үнемі өзіміздің қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, қайырымдылықпен айналыстық, қазір де айналысамыз. Бірақ істеген істерімізді жарнамаға айналдырмаймыз.
Біз көп жылдан бері балалар үйімен жұмыс жасаймыз, спортшыларға көмектесеміз, балаларға арналған мерекелер өткіземіз. Өз қызметкерлерімізді де қолдап жатамыз, біздің кәсіпорында әлеуметтік бағдарламалар да бар. Мысалы, қызметшілерге арналған арзан тамақ, себебі оның құнының басым бөлігін өзіміз төлейміз. Бұдан басқа, біздің ең жақсы жұмысшыларымыз жыл сайын марапатталып жатады. Өндірісте ерекше көзге түскен адамдар экзотикалық елдерге жолдама ала алады.

Ерлан Әшім, «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры


Тағы компания жайында

Оқуды ұсынамыз
http://natige.kz/chelovecheskaya-sushhnost