Наурыз 2017

17498423_1295865993800902_6710914341794561117_n
Біздің мерекелеріміз және демалыстарымыз
123
0

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін «Нәтиже» компаниясы бар сән-салтанатымен қарсы алды. К.С.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрында Наурыз мейрамын тойлау кеші өтті. Кеш компания басшысы Ерлан Әшімұлының құттықтауымен басталды. Компания ұжымынан бөлек «Спарта» КВН командасы да қонаққа шақырылды. Олар өз әзілдерімен кештің сәнін кіргізді. Кеш барысында бұдан басқа да түрлі шаралар ұйымдастырылды. Соның ең бастысы, компания басшылығының өз қызметкерлерінің еңбегін лайықты бағалауы болды. Компанияның осы жылғы бірнеше үздік деп табылған қызметкерлері түрлі дәрежедегі Мадақтау қағаздарымен, ақшалай сыйлықтармен, сонымен қатар Анталияға он күндік жолдамалармен марапатталды. Жұмысын жаңадан бастаған қызметкерлер үшін бұндай шаралардың жұмысқа деген ынтасын арттыруы сөзсіз. Компания қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарлама да өте тартымды болды. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Кеш қонақтары ерекше көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

29 марта 2017
Оқуды ұсынамыз
Присоединяйтесь
к обсуждению!

Написать комментарий